БИЫЛ 21 МЫҢНАН АСА ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛДЫ
БИЫЛ 21 МЫҢНАН АСА ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Шымкент әкімі М.Әйтеновтің шалғай аудандардың инфрақұрылым мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл қалада 2 қосалқы стансаның (Бозарық 220/110/10 кВ, «1-М-1» 110/10кВ) және 7 (Достык т.а., Жалын, Ақжар, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл) елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылып, 97 пайызды құрады.
Ал, келер жылы 11 нысанның, оның ішінде 9 елдімекенде (Достық ш.а., Батыс, Нұртас, Сауле, Тұран) ішкі жүйелерінің және 2 қосалқы стансаның («Ақжар» 110/35/10кВ, «Ынтымақ» 110/35/10кВ) құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 1 қосалқы станцияның, 9 елдімекенде ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 17 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады. Мегаполистің электр желісімен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жетпек.
2023-2025 жылдары қаланың перспективалық дамуына қажетті 6 жоғары кернеулі (110-220кВ) қосалқы станцияның құрылысы салынады деп жоспарлануда.