Түркістан: Детектив шығармалар байқауы мәресіне жетті

Түркістан: Детектив шығармалар байқауы мәресіне жетті

Түркістан қаласында республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау биыл төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Марапаттау рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов арнайы қатысып, үздіктерді құттықтады
«Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС ұйымдастырған биылғы байқау ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығымен тұспа-тұс келді. Сондықтан төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқау Түркістан облыстық сотының төрағасы Тұрысбек Мыятбековтің мұрындық болуымен қасиетті Түркістан қаласында ұйымдастырылды. Байқауға екі тілде жүзден астам шығарма түсті. Оған ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Жоғарғы Сот судьясы Ерден Әріпов, Түркістан облыстық сотының төрағасы Тұрысбек Мыятбеков, Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай және «Заң» медиа-корпорациясының басшысы Досымбек Өтеғалиев қазылық етті.
Байқау нәтижесінде Түркістан облыстық сотының төрағасы Тұрысбек Мыятбековтің арнайы екі жүлдесі Көсемәлі Сәттібаев пен Әлия Байбатыроваға бұйырса,
Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының арнайы жүлдесін Алпысбай Әбділұлы еншіледі. Үшінші орындарға Мариям Әбсаттар, Жадыра Шамұратова және Ербол Бейілхан ие болса, Назира Ғизатқызы мен Әмірбек Шаймағамбетов екінші орынды жеңіп алды. Бірінші орынды Абай Аймағамбет иеленсе, бас жүлдеге Нұрлыбек Саматұлы ие болды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *