ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінде бір мезгілде 250 баланы қабылдауға қауқарлы жаңа спорт кешені ашылды. Жаңа спорт кешенінде 18 жасқа дейінгі 400 бала ақысыз спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды. 1500 га. аумақты құрайтын кешенде жастар еркін күрес, дзюдо, шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, еркін күрес сияқты спорт түрлерінен тәлім ала алады.
Жеке кәсіпкер Хуршид Муютов салып берген нысанның құны 230 млн . теңгені құрайды. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай ашылған жаңа кешеннің лентасын аудан әкімі Ғани Рысбеков қиып, құттықтау сөз сөйледі.
«Жаңа ауданда бой көтерген бұл спорт кешенінен болашақта ел намысын қорғайтын спортшылар шығатынына бек сенімдімін. Жастар арасында салауатты өмір насихаттап, олардың уақыттарын тиімді пайдалануына мүмкіндік жасау керекпіз. Сауран ауданында бұқаралық спортты дамыту қолға алынуда. Болашақта бірнеше спорт кешендерін салуды жоспарлаудамыз»,- деді аудан әкімі.
Шарада ауданның гүлденуіне үлес қосып, жастар арасында салауатты өмір насихаттап жүрген азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Салтанатты шарадан кейін Сауран ауданының жастары арасында валейболдан жарыс өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *