ЕЛОРДАДА ШЫМКЕНТ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВТІҢ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ЕЛОРДАДА ШЫМКЕНТ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВТІҢ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен брифинг өтті. Онда үшінші мегаполис әкімі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы мен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Шымкентте өткен он бір айда барлық салада экономикалық өсім динамикасы байқалды. Экономиканың негізгі секторларына жеке тоқталар болсақ, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 6,3 пайызға, инвестиция көлемі – 55 пайызға, құрылыс жұмыстары – 9,6 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер алаңы – 63,6 пайызға, бөлшек сауда көлемі – 9,8 пайызға артқан.

Мұрат Әйтенов тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, оларға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жөніндегі міндеттер бірінші кезекте атқарылуы тиіс жұмыстар ретінде белгіленіп, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға айрықша көңіл бөлінгенін жеткізді.

«Бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуіміз қажет. Бүгінгі күнге Шымкентте 5 елді мекен кестемен берілсе, 7 елді мекен тасымалды ауыз сумен қамтылған. Ағымдағы жылы 16 млрд. теңгеге су құбырының құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде 25 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтылады. Жоспар бойынша 2023 жылы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі. 16 елді мекенде электр энергиясының сапасы төмен. Биыл 9,8 млрд. теңгеге 19 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 95 пайыздан 97 пайызға жетеді. Ағымдағы жылы газбен қамту бойынша 5,9 млрд. теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қаланы газдандыру мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі»,-деді қала әкімі.

Биылғы жылы тұрғындарды кәріз жүйесімен қамту деңгейі 52 пайыздан 54 пайызға жетеді. Даму жоспары бойынша 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *