Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 15 притон әшкере болды
Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 15 притон әшкере болды
Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 15 притон жойылды. Интим қызмет көрсеткен 484 әйелге қатысты әкімшілік шара қолданылды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, рейд жүргізу барысында бірнеше жезөкшелер үйі анықталған. Жезөкшелер үйінің бірі Алматыдағы Тынышбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінде орналасқан.
«Жыл басынан бері осындай 15 орын анықталды, олардың иесі жезөкшелікпен айналысуға пәтер бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, интим қызмет көрсеткен 484 әйелге әкімшілік шара қолданылды. Көпшілігі қиын жағдайына байланысты жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болғанын айтты», — дейді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.