«17 адам жабылып зорлады»: министр атышулы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Біз тексеруге міндеттіміз, жәбірленушіге қатысты бірқатар медициналық сараптама өткізліп жатыр, деді Тұрғымбаев

 Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысында 17 ер адам жабылып зорлады деп мәлімдеген қыздың оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе? Қыз жоғалып кетті, бір тәулік бойы болмаған. Жедел шаралар кезінде ол табылып, анасына қайтарылды. Сол күні ешқандай арыз-шағым болған жоқ. Бір тәуліктен кейін шағым түсті. Содан кейін қыздың анасы нотариалды түрде арызынан бас тартты. Тек бірнеше күннен кейін әлеуметтік желіде 17 ер адам зорлады деген мәлімдеме тарады», -деді Тұрғымбаев мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Ол полиция жаң түскен арыз-шағымды тіркегенін атап өтті.

«Біз тексеруге міндеттіміз, жәбірленушіге қатысты бірқатар медициналық сараптама өткізліп жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша шешім қабылданады», — деп нақтылады министр.

Атышулы зорлау оқиғасы

Түркістан облысының тұрғыны 17 жастағы қызын 17 ер адам жабылып зорлады деп мәлімдеді. Жаға ұстатарлық оқиға биыл жазда болған, бірақ бұқараға енді жария болып жатыр.

Жәбірленушінің сөзінше, ол сыныптас қыздарымен базарға киім көруге барған. Қайтар жолда танысы үйіңе жеткізіп саламын деп көлігіне мінгізіп алған. Танысы оған жолда су берген. Әрі қарай ештеңе білмейді. Тек есін жиғанда өзен жағасында тыр жалаңаш жатқанын көреді.

4 күн жоғалып, үйіне келген қызының түрін анасы ешқашан ұмытпайтынын айтады. Матап байлағаннан білегі көгеріп, көйлегінің дал-дұлы шыққан көрінеді. Қыздың анасы күдіктілер бостандықта жүргеніне ашынады.

Негізгі айғақ – қыздың киімдері қазір жоқ. Оларды анасы өртеп жіберген. Себебі қыз өзіне бір емес алты рет қол салмақшы болған көрінеді.

https://sputnik.kz/society/20211103/18561887/zorlau-ministr-tusinikteme.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *