ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 300 ПӘТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 300 ПӘТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Қалалық тұрғын үй басқармасы 2021 жылдың 4-ші ақпан күні сағат 00:00-ден бастап 24 сағат ішінде берілген өтінімдердің қатесін түзету үшін құжаттарды қайта толықтыруға мүмкіндік беріп отыр. Ол үшін shymkent-baspana.kz ақпараттық жүйесінде ашылған жеке кабинетке керекті құжатты қайта жүктеуге болады. Сала мамандары азаматтардан тіркеген құжаттарды қосымша тексерулерін сұрайды.
Ескерту: Бұл күні жаңадан өтінімдер қабылданбайды. Тек берілген өтінімдердің қатесі тексеріледі.
Қазіргі таңда тапсырылған құжаттарды зерделеу мен бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексеру жұмыстары жүргізілуде. Конкурс нәтижесі 15 наурыз күні анықталып, пәтер алушылармен келісім-шарт жасалады. Тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз 5 жыл мерзімге жалға беріледі.
Тұрғын үй басқармасының дерегінше бағдарлама талаптарына сәйкес келмейтін азаматтардан да өтінім түскен. Олардың өтінімдері кері қайтарылады.
Өтінімдер:
-Жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған;
-Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде тұрған;
-Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйге соңғы 2 жылда меншік құқығы тіркелмеген;
-Ай сайынғы табысы 40 АЕК (116 680 теңге) кем емес жастардан қабылданады.
Айта кетейік: Шымкентте жастарға жалдамалы тұрғын үй үлестіруге бұл жолы 300 пәтер қарастырылып отыр. Баспаналар «Жаңа Тұрлан», «Тұран» және «Асар 2» шағынаудандарынан беріледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі