ҚР ІІМ-НІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ БОЙЫНША ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

ҚР ІІМ-НІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ БОЙЫНША ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ҚР Ішкі істер министрлігінде ауқымды жобалар жасалып жатыр. Түркістан облысында да бұл бағытта жүйелі іс бар. ІІМ-нің орынбасары Сәкен Сәрсенов осы аталған бағыттағы жұмыстарды бақылау мақсатында Түркістан облысына арнайы іссапармен келді.


ІІМ-нің орынбасары бірінші кезекте Түркістан облысы әкімдігінде орналасқан «Ахуалдық орталыққа» барды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов орталықтың жұмысы жүйеленіп, тұрақты қызмет көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Мұнда бейнебақылау камераларымен сараптама жасап отыратын қызметкерлердің жұмысы бақыланды. Сондай-ақ Сәкен Сәрсенов облыс орталығындағы маңызды нысандарды аралап, ондағы туристер мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін орнатылған «SOS» батырмаларымен танысты. Аталған батырмалар Түркістан облысы, полиция департаментіндегі жедел басқару орталығына тікелей қосылған. Азаматтарға, шетелден келген туристерге қауіп төнетін болса, көмек қажет кезінде қоғамдық орындарда орнатылған осы «SOS» батырмалары арқылы полицейлерге тікелей хабар беруге болады. Өз кезегінде тәртіп сақшылары қоңырауды қабылдап, сол орынға экипажды, учаскелік полицейді бағыттайды.


ҚР ІІМ-нің орынбасары Халыққа қызмет көрсету орталығына, Түркістан қаласындағы №21 жалпы орта мектебі мен №17 Ататүрік атындағы білім ордасына арнайы барды. Онда мектептерге қойылған бейнекамералардың жұмысын көріп, мектеп ұжымымен тілдесті. Сонымен қатар «Толағай» және «Балдырған» атты қос балабақшаға аялдап, бүлдіршіндердің қауіпсіздігін саралады.


Бүгінгі таңда Түркістан облыстық полиция департаментіндегі жедел басқару орталығына өңірдегі 485 мектептің 3831 камерасы интеграцияланған. Яғни тәртіп сақшылары мектептерді бақылап отыра алады.


Білім ұяларынан кейін Түркістан қалалық полиция басқармасына барған ІІМ-нің орынбасары кезекші бөлімнің және тергеушілердің «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында атқарып жатқан жұмыстарын көрді. Осыдан соң полиция департаментіне ат басын бұрған С.Сәрсенов ЖБО-ға қосылған камералар мен ондағы тәртіп сақшыларының қызмет атқаруын бақылады.
Бүгінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысында тәулік бойы 540 бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұр, оның ішінде 56 бейнебақылау камерасы облыс орталығында орналасқан. Биыл жыл басынан бері сыртқы бақылау камераларының көмегімен 95 қылмыс ашылса, 67,5 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық дер кезінде анықталды.


Полиция департаментінен соң Сәкен Сәрсенов Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы полиция бөліміне арнайы барып, жұмысымен танысты.
«Цифрлы Қазақстан», «Азаматтардың хабарламаларын қабылдау үдерісінің бірізділігі» бағдарламалары мен «Полицияның сервистік модельге көшуі» негізінде стационарлық бекеттерді аралап, мектептер мен балабақшалардағы бейнебақылау камералары жүйелерінің жұмысымен танысқан ІІМ орынбасары Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *