ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, қазан айының 3-ші жексенбісі «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні» болып белгіленген. Осыған орай, Түркістан қаласы, Басқармалар үйінде мерекелік іс-шара атап өтілді.
Аталған іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Аюпов Рашид Абатұлы, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қалымбетов Бекжан Ифтарұлы, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Сейітов Данияр Асқарұлы, Түркістан облысының табиғи қорық, ұлттық және өңірлік парк пен орман шаруашылықтарында абыроймен еңбек етіп келе жатқан бірқатар үздік қызметкерлер, мемлекеттік испекторлар қатысып, «Төс белгі», «Алғыс хаттар» мен «Грамоталарға» ие болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі