ШЫМКЕНТ ӘЛІ ДЕ «ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТА»
ШЫМКЕНТ ӘЛІ ДЕ «ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТА»
Шымкент қаласында өткен тәулікте КВИ-дің 112 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 74, белгілері жоқ — 38). 26 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 86 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1290 орын бар (қалалық инфекциялық орталық-490, Атамекен клиникасы-450, Орынбай ГБОО-70 орын), төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 816 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 474 науқас емделуде.
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 354 626 болса, оның ішінде 21 сәуір күні 2 530 адамға жасалған.
Сонымен қатар, қалада вакцина салдырушылар саны артуда. Бір тәулік ішінде 1 897 адам вакцина алды (I компонент-1834, II компонент- 63). Егу науқаны басталғалы барлығы 73 118 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 7065 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильдік топтардың жұмысы жалғасуда. Олар өткен тәулікте 683 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізіп, карантин режимінің талаптары бұзғандығы үшін 18 нысанға әкімшілік хаттама толтырған.
Құрметті қала тұрғындары! Шымкент қаласы әлі де «қызыл аймақта». Сондықтан дәрігерлер сақтық шарасын қатаң сақтауға және ғылыммен дәлелденген вакцинаны қабылдауға шақырады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі