Көктемнің әр күні жылға азық
Көктемгі егіс науқаны қарсаңында аудандық әкімдікте СерікШайдаровтың төрағалығымен көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы ауданның егіншілік саласының басшыларымен арнайы кездесу өтті.
Оған Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бауыржан Асанов, «ҚазАгро» АҚ даму институттары өкілдері, кент және ауыл әкімдері, шаруа қожалық басшылары қатысты.
Көктемгі – дала жұмыстарын қаржыландыру туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – ның бас маманы Жұмаді Гүлсара Мұхаметқызы мемлекеттен көрсететін аграрлы несиелендіру жайлы мемлекеттен келетін қолдаулар жайлы мәләмет берді. Жартас сілемі суару арналарының жай – күйі туралы және бюджет қаражаты есебінен суландыру арналары мен коллекторлық – сусіңгіш желілерді қалпына келтіру үшін «Қазсушар» РМК балансына беру туралы баяндаманы «Қазсушар» РМК Қарағанды филиалы басшысы орынбасары міндетін атқарушысы Т. Әубәкіров өз ұсыныстарын айтты. Ағымдағы жылы аудан аймағындағы көктемгі – жазғы кезеңде күтілетін ауа райын қолдану жағдайлары бойыншагидро – метеорологиялық орталығының инженер бас инженері Ерлан Нұрбаев қысқаша мәлімет берді.
ҚазАгроҚаржы арқылы несиелендіру шарттарымен таныстыру үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қарағанды облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Б.Дюсембаева тиімді жолдарын ұсынды, ал өз кезегінде Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы Абай аудандық филиалының директоры Н.С.Перегон ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру мәселесі төңірегінде сөз қозғады.
Жиын соңында биылғы жылы дәнді – дақылы егісін тұрақтандырып, басқа да дақылдардың көлемін ұлғайтуымыз қажет деген ұсыныстар білдіріп, бұл жөнінде бірқатар мәселелерді қазірден бастап шешу керектігін айтты. Шаруа қожалықтары өз тараптарынан көкейлеріндегі бірнеше сұрақтарды қойды.