Күн тәртібіндегі басты мәселе тазалық

5 сәуір күні аудандық әкімдікте С.Ж.Шайдаровтың төрағалығымен  аппараттық жиналыс өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының орындалу барысы жайында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Зағыпар Шәкентайұлы баяндама жасады. 2015 жылы бағдарлама бойынша 280 млн. 206 мың теңгеге қаржыландырылды. Бағдарламаға 340 адам қатысты. 6 жоба жүзеге асырылып, 265 жұмыс орыны ашылды, оның ішінде 131 жұмыс орны бағдарлама қатысушылары. 24 адамға несие берілді. Несие берілген адамдардың барлығы 100% салық орнына тіркелді. Негізгі кәсіпкерлік оқуына 16 адам өтті, оған 703 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Әлеуметтік жұмыс орнына 27 адам, жастар тәжірибесіне 24 адам орналастырылды. Тігінші мамандығы бойынша 10 адам оқудан өтіп, «Стежок» ЖШС – ға толықтай жұмысқа орналастырылды.

2016 жылы 3 амбулаторияның құрылысын салу жұмыстары жалғасуда, олар Жартас, Құрма ауылдары және Қарабас кенті. Қаржыландыру соммасы 193 млн. 540 мың теңге. Ал Құрма ауылында ағымдағы жылдың наурыз айының 26 күні нысан пайдаланылуға берілді.  2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 682 млн. 361 мың теңге бөлінді.

Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағыттарын жүзеге асыру үшін елді мекендердің әкімдеріне жұмыс орындарын құру жоспарлары елді мекендер бойынша нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықтың санын ескере отырып жеткізілді. Сәуір айында мамандар мемлекеттік жәрдемақылар және «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына жаңадан енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру мақсатында жұмыссыз, аз қамтылған және нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықты бағдарламаға қатысуға шақыру жалғасын табады.

Аудан әкімі бағдарламаның өте маңызды екендігін тілге тиек етті. Бұл бағдарлама Елбасының тамсырмасымен жалғасын тапқан. Шағын несие алған адамдардың барлығымен аты – жөнімен танысып, жасап жатқан қызметтері білу керек. Жұмыспен қамту орталығы қатаң бақылауға алу керектігін қадап айтты. Қандай бақылау жасайтындығы жөнінде кесте құру қажет деді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесе отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына 2016 жылғы бағдарлама бойынша жоспарланған көрсеткіштерді және бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген бюджеттік қаражатты игеруді орындауды қамтамасыз ету.

Кенттер және ауылдық округтердің әкімдері тұрақты жұмыс орындарына оқу аяқталғаннан кейін бағдарламаға қатысушыларды орналастыруда әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бойынша міндетті зейнетақы жарналары аударылып, еңбек, әлеуметтік қорғау және халықтың нысаналы топтарына бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Екінші мәселе – көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығын өткізу жөнінде болды. «Абай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі жәнеавтомобильдер жолы бөлімі» ММ – нің басшысы Димаш Сүлейменов санитарлық тазалау екі айлығы аясында атқарылуы тиісті іс – шаралар жоспары нақтыланып, мекеме – кәсіпорындар мен салаға жауапты құрылымдардың алдындағы міндеттерін атап айтты. Ауданымызда көктемгі мерзімде 2 жалпы облыстық және 2 аудандық сенбілік өткізілмекші. Сол сияқты апта сайын «Таза бейсенбілік» өткізіліп тұрады. Әрбір мекемерде бекітілген аумақтары болады. Сонымен қатар Абай қаласында 500 және кент, ауылдарда 300 – ден астам ағаш отырғызу және сенбілік аясында бірнеше экологиялық акция өткізу жоспарлануда. Сенбілік аясында кәсіпкерлік бөлімімен шағын және орта бизнес нысандары орналасқан аумақтардың сырт келбетінің келісті жағдайда болуына да айрықша назар аудару қажет болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мақсатында Топар кентінің басшысы «Қазақмыс Корпарациясы» ЖШС-ға 10 млн. теңге көлемінде қаражат бөлуді қарастыруға хат жіберілді. 2016 жылы Абай қаласын абаттандыруға 6,8 млн. теңге бөлінді. Сол сияқты мемелекеттік мекемелер басшылары ТҮКШ бөліміне сенбілікке «дейін» және «кейін» шеңберінде фото жіберетін болады. Сенбілік соңында жергілікті полиция, кент және ауыл әкімдері, БАҚ, тұтынушылардың құқығын қорғау және ТҮКШ бөлімі қатаң бақылауға алады.

Серік Жаманқұлұлы өз кезегінде тазалыққа жауапты бірқатар басшыларға тапсырмалар берді:

—  санитарлық тазалықтың екі айлығын ұйымдастыру жұмыстарын қатаң бақылауға алуды және қала ішінде жарық 90% — ға жанып тұру;

—  құрғап қалған, көрікті жерлерде кедергі жасап өсіп тұрған ағаштарды кесіп, қалыпқа келтіру;

—  аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыру және жыл бойы ұйымдастыру;

—   қала, кент, ауылды сәулет кескінін безендіру деңгейін үнемі жетілдіріп отыру, гүлзарларды, гүлбақтарды, көшеттерді, гүлдерді отырғызғанда аса көңіл бөлу;

—   өндірістік және тұрмыстық қоқыстардан аумақты үнемі санитарлық тазалау, қоршауларды және қасбеттерді уақытында жөндеу, әсіресе, Абай қаласында және Топар кентінде, тұрғын үйлердің сыртқы келбеттерін қалпында ұстау үшін иелерінен қолдау көрсетуге қол жеткізу;

— қоқыс төгуге бөлінген жерлерді санитарлық және экологиялық  талаптарға сай заңдастыру және рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыс орындарын жою, орындалмаған жағдайда заң бойынша айыппұл төлеу;

— тұрғындармен тазалық бойынша түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру және 100% мекеме ұжымдарын қатыстыру;

— БАҚ беттерінде жақсы және жаман жағы жариялануды, жастар орталығы түрлі акциялар өткізуді қатаң тапсырды.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *