ТҮРКІСТАН: МӘМС ЕСЕБІНЕН ОТА ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЕСЕБІНЕН ОТА ЖАСАЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мәліметінше, 1946 жылғы науқас жедел жәрдем көлігімен облыстық клиникалық ауруханасына «Жедел ішек өтімсіздігі» диагнозымен жеткізілген.Дәрігерлер тарапынан тиісті зерттеулер жасалып, консилиум шешімімен науқасқа жедел ота тағайындалған.


— Ота барысында сигма тәрізді ішектің ісігімен тоқ ішек тесілуі анықталды. Сигма тәрізді ішек ішекпен бірге алынып тасталды. Операциядан кейінгі кезеңде науқастың жағдайы тұрақтанғанша реанимацияда болды. Мұнан соң, науқас колопроктология бөліміне шығарылды. Емдік шараларынан кейін науқастың жағдайы жақсарды. Алдағы уақытта науқас тұрақты онколог-дәрігердің бақылауында болады – дейді, проктология бөлімінің меңгерушісі Б.Наушабеков.


Жоғары технологиялық медициналық көмекпен оның жекелеген түрлері МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек тізбесіне кіреді. Яғни, пациенттерге міндетті медициналық сақтандыру қорының дерекқорына енгізілген медициналық ұйымдар ақысыз қызмет көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *