ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Түркістандағы «Оқушылар» сарайында салтанатты жиын өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, білім саласында жоспарланған игі істермен бөлісті.
«Мұғалім – қасиетті ұғым. Ұстаз – киелі тұлға. Себебі, ұлы ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, әкім де, министр де бәрі-бәрі ұстаздан білім алып, тәлім көрген. Құттықтауды Ұлы Абайдың сөзімен бастағым келеді. «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» – деп, қалай дөп айтылған. Мемлекет тарапынан ұстаздарға жасалып жатқан қолдаулардың көлемі жыл сайын артуда. Ендігі кезекте мұғалімдер алдында үлкен міндеттер тұр. Жаңа білім беру бағдарламасын игеру, заманауи озық тәжірибелерді қолдана отырып, білім сапасын арттыру, оқушыларды халықаралық деңгейге шығарып, креативті ойлау көзқарасындағы қазақстандық азамат қалыптастыру. Осы орайда, ұстаздар алдында басты міндет – тұрақты түрде біліктілігін өздігінен жетілдіру»,-деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары.


Сондай-ақ, жергілікті жерлерде ардагер-ұстаздардың кеңесін құрып, заман талабына сай жаңа моделді авторлық мектептер ашу міндеттері тұр. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай апатты және үш ауысымды мектептер проблемасын шешу мақсатында облыста кезең-кезеңімен 130 мектеп салу жоспарланған. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.


Түркістан облысында апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі 2021-2023 жылдар толығымен шешімін табады. Биыл 78 мектептің (облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 8 мектеп) құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі 120 орындық жатақханасымен бірге салынуда. Облыста 6 апатты және 4 үш ауысымды мектеп бар, оның ішінде биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі.


Қазіргі таңда жалпы 47 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 44 мектеп бюджет, 3-уі – жеке инвестиция есебінен. 1 қыркүйекте 44 мектептің 15-сі пайдалануға берілді, қалғаны жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде. Сонымен қатар, осы жылы жеке инвесторлар есебінен жекеменшік 13 мектеп (Түркістан қаласы – 4, Жетісай ауданы – 1, Мақтаарал ауданы – 2, Келес ауданы – 1, Сауран ауданы – 1, Сайрам ауданы – 1, Сарыағаш ауданы – 2, Кентау қаласынан – 1,) ашылып, 2021-2022 жаңа оқу жылында өз жұмыстарын бастады.

Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы шеңберінде «5000 мектепті жаңғырту» жобасына енген 108 мектепті жаңғырту жоспарланған. Бүгін, облысымыздың ең үздік ұстаздар қауымы мен ардагер-ұстаздар арнайы шақырылып, оларға облыс әкімінің марапаттары мен сыйлықтары тапсырылуда.


Білім саласындағы үлкен жетістіктің бірі – Түркістан облысында республикада бірінші болып, сыбайлас-жемқорлықты түпкілікті жою үшін педагогтар мен қызметкерлерді, мекеме басшыларын жұмысқа қабылдау jumis.smartnation.kz, ал, балабақшаға кезекке тұру, жолдама беру balabaqsha.smartnation.kz және мектепке қабылдау mektep.smartnation.kz порталдары арқылы 100 пайыз автоматтандырылып, халыққа ашықтық қамтамасыз етілді.
Түркістан облысы бойынша 2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 11 сыныпты 28 мыңға жуық оқушы бітірді. 2 мыңдай түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 1369 түлек ерекше үлгідегі Үздік аттестат иегері атанды. 2020-2021 оқу жылында оқушыларымыз халықаралық, республикалық білім сайыстарынан жеңіспен оралуда. «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Елбасының бірінші лектегі қола медальмен 81, екінші лектегі қола медальмен 188 оқушы марапатталды.


Мұғалімдер күні салтанатты шарасында білім беру саласының ардагерлері мен еңбек сіңірген қызметкерлері «Еңбек ардагері» медалімен, «Ы. Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапаттады.

Мерекелік шараға облысымыздан 120 ұстаз қатысты. Оның 23 -і ардагер ұстаздар, ал 40 педагог марапат иелері болды. Айта кетейік, салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары «Жылдың үздік мұғалімі» номенациямымен 10 Педагогты, ҚО Үкіметінің «Еңбек ардагері» медалімен 1 мұғалім сондай -ақ, ҚР БжҒМ «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен 7 ұстазды марапаттады. Салтанатты шара соңында «Жігіттер» квартеті ұстаздар мерекесін «Ұстазым» әнімен құттықтап, шара мерекелік концертке ұласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *