ШЫМКЕНТ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ШЫМКЕНТ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Еңбекші ауданында 151 отбасыға «мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетілді, аудан аумағында орналасқан мектептерден қиын жағдайға ұшыраған, тұрмысы нашар, аз қамтылған көп балалы, жалғыз басты аналар анықталып, 196 отбасы тізімі жасақталды. Оның ішінде «АШК» ЖШС тарапынан 100 отбасына азық-түлік себеттері (бір отбасына берілген азық-түлік себетінің құны – 20 000 теңге) берілді.
1 маусым балалар күні мерекесіне орай, «Фиркан сити» Фанки таун ойын кешеніне аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан 56 бала мерекелік серуен ұйымдастырылды.

«Мектеп жол» акциясы аясында 151 аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларғы мектепке қажетті құралдар мен мектеп формасымен қамтамасыз етілді.

Еңбекші ауданының полиция басқармасында тіркеуде тұрған 5 жайсыз отбасыларға және есепте тұрған 3 кәмілетке толмаған балалардың отбасыларына «Мейірім» қоғамдық қайырымдылық қорының демеушілігімен азық-түлік себеті берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *