«Қара су сеуіп жүр»: Министрлік дезинфекцияға қатысты шулы видеоға түсініктеме берді

Қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен БАҚ өкілдері жиналып, ерітіндіні тексеріп көрді

АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде көшелердің бірінде сумен дезинфекция жасалып жатқанын айтып, видео жариялады. Қазақстанның қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, оның арнайы ерітінді екенін хабарлады.

«Әлеуметтік желіде жарияланған видеода әйел көшелерді дезинфекциялап жүрген әскери қызметшілерге сұрақ қойған. Ол дезинфекция үшін қарапайым су қолданылып жатқанын мәлімдеді. Шындығында, ол – әкімдік бөлімшелері көшелерді дезинфекциялауға берген арнайы ерітінді», — деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, санитарлық залалсыздандыру бөлімшелерін дезинфекциялау құралдарымен әкімдіктер қамтамасыз етеді.

«Олардың атауы көп, бірақ құрамында хлор және басқа да тотықтырғыштар болады. Қолданылатын қоспалар ауру тудыратын бактерияларды, вирустарды және тіпті зең саңырауқұлақтарын жояды. Медицина және шаруашылық қызметте оларды қауіпті инфекцияларды жоюға пайдаланады», — делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды 

Сонымен қатар қорғаныс министрлігі таза ауада нысандарды залалсыздандыру үшін бір құрал пайдаланса, ғимараттардың ішінде басқа құрал қолданылатынын хабарлады. Ал бұл залалсыздандыру құралдары азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.

Айта кетейік, Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде көшені қарапайым сумен дезинфекциялап жүргенін мәлімдеген болатын.

«Жай ғана су көтеріп жүрсіңдер. Мен қолымды, бетімді жудым. Іш десеңдер ішіп берейін. Далаға қарапайым қара су сеуіп жүр. Үкімет осыған ақша бөлді ғой. Шындық үшін ішуге дайынмын», — дейді әйел видеода.

Дәл осы күні қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен БАҚ өкілдері жиналып, видеоны түсірген әйелді ертіп, ерітіндіні тексеріп көрді. Көпшілік алдында ерітіндіні әзірлеп көрсетті. Әйелдің айтуынша, күндіз көшеге себілген дәл осы иісі жоқ залалсыздандыру құралы болып шықты.

«Осыны күндіз мен жөн сұрағанда түсіндіріп айтса болады ғой», — дейді әйел.

Ал Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Болат Мәлімов дезинфекция жасайтындарға ерітіндіні дайын күйінде беретінін, сол себепті олар тұрғынның сұрағына жауап бере алмағанын айтты.

https://sputniknews.kz/regions/20200729/14588563/ministrlik-dezinfektsiya-video.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *