Қазақстанда өткен демалыста сегіз адам суға батып кеткен
Қазақстанда өткен демалыста сегіз адам суға батып кеткен
Иллюстрациялық фото: pixabay.com
6 және 7 маусымда Қазақстанда сегіз адам суға батқан, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сегіз жағдайдың алтауы суға түсуге тыйым салынған орындарда болған. Қостанай облысында екі адам суға кеткен. Ал Ақмола облысында 6 маусымда су қоймасынан 32 жастағы ер адамның мәйіті табылған.
Сонымен қатар, өткен демалыста құтқарушылар су қоймаларынан 4 адамды құтқарған.
https://kaz.tengrinews.kz/events/kazakstanda-otken-demalyista-segz-adam-suga-batyip-ketken-309307/