Ташкентте дзюдодан әлем чемпионы досының қолынан қаза тапты
Ташкентте дзюдодан әлем чемпионы досының қолынан қаза тапты© nuz.uz
Қайғылы оқиға 13 қыркүйекте болған. 29 жастағы спортшыға танысы асүй пышағымен денесінің әр жерінен соққы жасаған, салдарынан дзюдошы қаза болды.
«Азамат Ш. Т. Камоллидин Расуловқа телефон соғып, Учтепа ауданының 14-кварталында кездесуді ұсынысады, онда ер адамдар арасында жанжал болып, Камолиддин Расулов қаза тапты», — делінген ведомство хабарламасында.
Күдікті ұсталды. Оған қатысты «Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Мәлім болғандай, ұсталған адам да спортшы, атап айтқанда ол — дзюдо мен ұлттық күрестен Өзбекстан чемпионы, сондай-ақ кураштан өзбекстандық алғашқы әлем чемпионы Тоштемир Мұхаммадиевтің жиені.