Қазақстанда тағы бір жануар Қызыл кітапқа енгізілді

Қазақстанда тағы бір жануар Қызыл кітапқа енгізілді

Өткен ғасырдың басында Каспийде 1 миллиондай итбалық болса, қазір саны жүз мыңға жетер-жетпес. Бірақ, бейресми деректерге сәйкес, сүтқоректілер бұдан әлдеқайда азайған

Бұдан былай итбалыққа тиіскендер оңбайды. Жағалауда жылда өлекселері жайрап жататын теңіз жануарлары биылдан бастап Қызыл кітапқа енгізілетін болды, деп хабарлады Sputnik,кз. КТК арнасына  сілтеме жасап.

Ғалымдар мен шенеуніктерден құралған зоологиялық комисссия ақылдаса келе, осындай шешімге келді. Өздері келтірген мәлімет бойынша, өткен ғасырдың басында Каспийде 1 миллиондай итбалық болса, қазір саны жүз мыңға жетер-жетпес. Бірақ, бейресми деректерге сәйкес, сүтқоректілер бұдан әлдеқайда азайған.

«Каспий итбалығы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбегіне енгізу ұсынысы толық қолдау тапты. Бұл итбалықтарды қорғауға ықпал етуге және болашақта ерекше қорғалатын табиғи аймақ құруға маңызды бастама болары сөзсіз», – дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Аян Мейраш.

Жалпы теңіз жануарының жағалауда жылда мыңдап қырылып жататыны белгілі. Дегенмен олардың өліміне табиғи фактор немесе қандай да бір індет себеп болды деп айтылатын.

Десе де, итбалықтар ақыры жойылудың алдында тұр деп мойындалып, Қызыл кітапқа енгізілетін болды. Итбалықтар санының соңғы жылдары еселеп азаюы теңіздің ластануымен тікелей байланыстыратындар да жоқ емес.

https://sputniknews.kz/society/20200728/14581365/Qazaqstan-zhanuar-Qyzyl-kitap.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *