1 қарашадан бастап Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады
1 қарашадан бастап Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады
2013 жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері жол жүру ақысына өзгеріс енгізілген жоқ
«Қазавтожол» ұлттық компаниясы пайдалануға беруге дайын автокөлік учаскелерін атады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір Нұрсұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентте), Щучинск – Көкшетау учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын.
Бұл учаскелер барлық қажетті құралмен жабдықталған. Ал Қапшағай – Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда учаскесін пайдалануға беру туралы бұйрықтың жобасы мемлекеттік органдарға келісім беруі үшін жолданған.
«Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазанынан тест режимінде, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі», — деп нақтылады комитет.
Ведомствоның хабарлауынша, ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшері 2013 жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады.
ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар.