ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ҚҰРЫЛЫСТЫ КӨГАЛДАНДЫРУМЕН АЯҚТАУ КЕРЕК

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ҚҰРЫЛЫСТЫ КӨГАЛДАНДЫРУМЕН АЯҚТАУ КЕРЕК

Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс жұмыстарын толық аяқтаған соң, айналаны абаттандырып, көгалдандыруды міндеттеді. Тапсырма әлеуметтік нысан салумен қатар тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан компанияларға да жүктеледі. Қалада бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысқан облыс басшысы, инвесторлармен жүздесті. Құрылысы аяқталуға таяған 12 қабатты үйдің 100-ден астам пәтері сатылған.

«Құрылыс жұмыстарын көгалдандырумен аяқтау керек. Ғимарат салынып біткен соң, айналасын абаттандырып, ағаш отырғызып, көркейткен дұрыс. Сонда ғана жұмыс көрінеді. Еткен еңбек елеусіз қалмайды» ,-деді облыс әкімі.

Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылысы жаңа оқу жылы пайдалануға беріледі. Білім ұясының жалпы жер ауданы – 22 300 м2. Бүгінгі таңда нысанның сыртқы қасбеттерін орнату жұмыстары, ішкі әрлеу жұмыстары және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Өмірзақ Естайұлы білім ошағын замануи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде сапаға басты назар аударуды жүктеді.

Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған облыстық жедел көмек станциясын салу құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Медициналық мекеменің кірпіші қаланып, сыртқы қоршау қабырғаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі Ясауи көшесі бойынан желілік саябақ құрылысымен танысты. Жерді тегістеу жұмыстары аяқталған соң, қиылысқан төрт көшеге қоршаулар орнатылып, жарықтандырылады. Ағаштар отырғызылып, суару жүйесі жүргізіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

__

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *