Шымкентте жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды

Шымкентте жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды

 

ВИДЕО

Шымкентте жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Абай ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру жайты туралы хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша жедел іс-шаралар өткізу барысында Абай АПБ-ның қызметкерлері қаладағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысып жүрген үш әйелді анықтап, Полиция басқармасына жеткізді.

Факті бойынша ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Айта өтейік, қала аумағында полицейлер жеңгетайлық пен притон ұстау жайттарының жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатындарды анықтауға және оларды есепке қоюға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Тәртіп сақшылары бұл шаралар барысында көңіл көтеру орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді және жалға берілетін пәтерлерді тексереді.

//polisia.kz/shymkentte-zhezokshelikpen-ajnalysugha-arnalghan-priton-anyqtaldy/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *