ОТБАСЫЛЫҚ ІС-ШАРА ТОҚТАТЫЛДЫ

ОТБАСЫЛЫҚ ІС-ШАРА ТОҚТАТЫЛДЫ

Шымкент қаласының аудан аумақтарында карантиндік талаптардың сақталуына мониторинг жұмыстары тұрақты атқарылуда.

Осындай кезекті рейд барысында Абай ауданы бойынша мобильдік топ мониторинг барысында «Олжа» және «Екі шал» дәмханаларында туған күн іс-шарасының өтіп жатқанын анықтады. Нәтижесінде іс-шара тоқтатылды.

Ал өткен тәулікте Шымкент қаласында 303 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 23 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *