ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудан аумағындағы «Алтынтөбе» тұрғын алабының тұрғындарымен инфрақұрылым жүйелері және ауыл шаруашылығы жерлері мен шөп, жем мәселесі бойынша кездесу өткізді.

«Алтынтөбе» тұрғын алабындағы өзекті мәселелердің бірі ауыл шаруашылығы саласындағы жем және шөп жеткізу бойынша басқармамен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Кездесу соңында тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен бөлісті.


Сонымен қатар аудан әкімі Б.Парманов аудан аумағындағы «Жиделі» шағын аудандарының тұрғындарымен кездесіп, шағын аудандағы емхана мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *