ТҮРКІСТАН: 500 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

ТҮРКІСТАН: 500 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Түркістан облысында 518 100 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Соңғы тәулікте 11 070 адам екпе қабылдаған. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 363 100 адам вакцина салдырды.


Түркістан облысының 2088 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax мен қытайлық CoronaVac вакциналарын қабылдай алады.


Соңғы тәулікте Түркістан облысында 77 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 1,02 % құрайды. Облыста 846 038 ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1504 адам тексерілді.

Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, олардың 570-і бос. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 7554 жағдай тіркелді. Олардың 4773-де ауру симптомсыз өткен болатын.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

__

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *