ШАҒЫНАУДАНДАРДА 11 БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛДЫ

ШАҒЫНАУДАНДАРДА 11 БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛДЫ

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында интернет сапасы төмен 30 тұрғыналап анықталып, оларға оптикалық желі тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз брифингінде цифрландыру бағытындағы жұмыстардың қорытындысы бойынша мәлімдеді.

Әкім орынбасарының айтуынша, қаланы сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезең бойынша қазіргі таңда қаладағы шағынаудандар мен тұрғыналаптар аумағына 11 базалық станция орнатылды. Алтынтөбе, Көкбұлақ, Солтүстік-Батыс және Достық (Солтүстік саяжай) тұрғыналаптарында, Асар, Асар2, Шымсити, Шымсити-2, Тұран және Ақтас-2, Айкөл шағынаудандарында базалық станциялар толық іске қосылды.

Биыл екінші кезең бойынша 14 жер қарастырылып, 8 орынға жеке инвестор қаражаты есебінен антенна-матчталық құрылғыларға мобильді байланыс операторларының базалық станцияларын орнату жоспарлануда. Олар – А2 трассасы, Әуежай маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ (саяжай алабы), Тассай, «Құрсай, Р32 трассасы, Ынтымақ (Тұрлан) шағынаудандары. Қалған 6 елді мекенге (Абдулабад, Забадам, 226 орам, Асар, Самал-3, Достық шағынаудандары) мобильді байланыс операторлары тарапынан коммерциялық нысан иелерімен келісу арқылы базалық станциялар орнатылады.

Қазіргі кезде «Digital Elements» ЖШС-і Көкбұлақ, Тассай, Таскен, тұрғын алаптарындағы 4 көшеге (400 үйге) кабел жүргізіп, сондай-ақ, «I-LinkNet» ЖШС тарапынан Ақжайық шағынауданындағы 1 көшеге (158 үйге) кабел жүргізу жұмыстары басталып, тұрғындардан интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер қабылдануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *