ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНДАҒЫ САҒАТ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕТІН БОЛДЫ
ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНДАҒЫ САҒАТ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕТІН БОЛДЫ
Шымкент қаласының теміржол вокзалындағы қаланың басты сағаты жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстары кезінде сағаттың бетіне қаланың логотипі қойылады. Нәтижесінде, Шымкентке пойызбен келген жолаушы вокзалдан шыққан кезде қаланың маңызды элементін көретін көретін болады.
Қаланың басты сағаты соңғы рет 2012 жылы жөндеуден өткен болатын. Қазіргі таңда сағат механизмін жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Айта кету керек, соңғы кездері тұрғындар тарапынан темір жол вокзалындағы сағат тілінің бұралмай, уақыттан қалып қоя беретініндігі туралы шағымдар түскен болатын.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі