ШЫМКЕНТТЕ ҮЙІРЛІ ШЕГІРТКЕЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ ⠀

ШЫМКЕНТТЕ ҮЙІРЛІ ШЕГІРТКЕЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

Биыл Шымкент қаласында үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары 12 55 гектар аумақта жүргізіледі.

Аталған жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес Абай ауданында – 596, Әл-Фараби ауданында – 75, Еңбекші ауданында – 225 және Қаратау ауданында – 360 гектарға жүргізілетін болады. Өңдеу жұмыстарын жүргізуді «Защита растений» ЖШС медігері қолға алған.

Бүгінде химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін алдын ала егіс алқаптарында анықтау-зерттеу жұмыстары қолға алынды. «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің қалалық филиалы және қалалық аумақтық инспекциясы өзара бірлесіп, анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі таңда Абай ауданында 150 гектар алқапқа химиялық өңделетін аспалы және тіркемелі бүріккіштермен үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстары атқарылды.

Қосымша мәліметтер үшін 24-74-19 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *