Түркістан облысында табылған студенттер екі топқа бөлінгенін айтты
Түркістан облысында табылған студенттер екі топқа бөлінгенін айтты
Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті туристің үшеуі екі топқа бөлінгенін айтты. Бұл туралы Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті. Қалған төртеуінің қайда екені белгісіз.
Бұған дейін 28 мамырда аэровизуалды ұшу барысында Қазавиақұтқару тікұшағымен Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуі табылғаны хабарланған болатын. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қалған туристерді іздеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен.