ТҮРКІСТАН ХОРВАТИЯМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ
ТҮРКІСТАН ХОРВАТИЯМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ
«Келер жылы елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Бізге Хорватияның ақпараттық технологияны, туризм мен спорт салаларын дамытудағы тәжірибесі өте құнды. Хорватияда футбол өте жақсы дамыған. Сіздерде мықты жаттықтырушылар мен ойыншылар бар. Осы тұрғыда біз футбол командасын күшейтуге күш саламыз. Сонымен қатар, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ашықпыз», — деді Ө.Шөкеев.
Өз кезегінде Рефик Шабанович екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, Түркістан облысында жүзеге асыруға болатын бірқатар жаңа жобаларды атап өтті. Хорватиядағы туризм экономиканың негізгі драйвері болып табылатынын және олар осы саланы дамытудың табысты тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі