«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ КЕЛЕС АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚАБЫРҒАСЫН ҚАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ КЕЛЕС АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚАБЫРҒАСЫН ҚАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ


Биыл Келес ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтеред. Соның бірі – «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы ғимараты.


Аудан орталығының Тұрар Рысқұлов көшесі бойынан бой көтеретін партия ғимаратының құрылысына аудандағы белсенді партия мүшелері мен кәсіпкерлер демеушілік жасауда. Аталған ғимараттың қабырғасын қалау жұмыстары басталды. Құрылыс нысанының басына Келес ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалының төрағасы Ақментай Есбаев барып, ғимарат құрылысымен танысты. Ақментай Үсенұлы нысан құрылысына демеушілік жасап жатқан кәсіпкерлерге алғысын айтты.


«Өздеріңізге белгілі аудан болып қайта құрылғанымызға да 3 жылдың жүзі болып қалды. Осы уақытқа дейін біршама жаңа нысандар бой көтеріп, ауданымыздың көрікіне көрік қосып, тұрғындарға қызмет етуде. Әлі де болса аталған жұмыстар жалғасын тауып, тұрғындарымыз, қала берді болашағымыз үшін талай тірліктер атқарылары сөзсіз.

Нысандардың көбі бюджет қаражатынан бой түзеп жатса, соның ішінде ауданымыздың кәсіпкерлері де елдің көркейуіне үлестерін қосуда. Соның бірі – осы «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалының ғимараты. Бұйырса бұл ғимарат та сәулетті әрі елге қызмет ететін нысанның бірі болады деп сенеміз» – А.Есбаев.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *