ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ҰЛҒАЙТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ҰЛҒАЙТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

slider
Түркістан облысының әкімдігі спутниктік деректер негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мониторингінің жаңа технологияларын пайдалануда. Облыс аумағындағы ондай жерлерді анықтау бойынша космомониторинг жүргізілді. Цифрлық технологиялар мен әдістердің кең мүмкіндіктерін қолдана отырып, жосықсыз жер пайдаланушыларға бақылау күшейтілген.

Космомониторинг көрсеткіштері облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. Облыс әкімі кей аудандарда орын алған жер иелерінің әрекетін және оған жол берген әкімдерді қатаң сынға алды. Жер заңнамасын бұзу деректері бойынша шара қолдануды және мәселені шешуді тапсырды.

«Облыс аумағында жерді қазып тастаған жағдайлар жиілеп кетті. Неге әкімдер қарамайды? Бұл дегеніңіз – табиғатқа қиянат қой.  Ол жерге мал түсіп, мертігіп жатыр. Оны тоқтату керек. Қазып тастаған жерлерді реттеу керек. Барлық әкімдерге тапсырма», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

 Егістікке мал түспес үшін шұңқыр қазып тастаған азаматтарға шара қолдану мақсатында облыстық жер инспекциясына арнайы хат жолданған. Түркістан облысында жүріп жатқа ғарыштан мониторинг барлық жерді қамтиды және оны пайдалану мен түсімділік, тіпті су тұтынуды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жер пайдаланылмай немесе мақсатына сәйкес пайдаланылмай жатқан жағдайларды анықтайды.

Игерілмеген жерді мемлекетке мәжбүрлеп қайтару көзделген. Жерді қатарынан 2 жыл бойы пайдаланылмаған жағдайда, айыппұл салынады, және жер салығы 10 есе ұлғайтылады. Облыс бойынша жайылым тапшылығы бар 152 елді мекендер анықталды. Жыл соңына дейін жалпы пайдалануға 130 мың га жер өтеді. Осылайша, халықтың пайдаланатын жайылым жердің көлемі 742 мың га немесе 21% артуы күтілуде. Заң жобасында мемлекетке қайтару мерзімін екі жылдан бір жылға дейін қысқарту қарастырылған. Жайылымдар алаңдарын ұлғайтуға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Отырыста облыс аумағындағы коронавирус инфекциясы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндалды. Жағдай тұрақты. Бүгінгі күнге дейін 176 мыңнан аса адам 1-ші компонентпен вакцина қабылдады. Пандемия басталғғалы 700 мыңнан астам адамнан ПТР сынағы алынған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *