ӘРПК — СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАҢА ТҮРІ
ӘРПК — СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАҢА ТҮРІ
Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.
«Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды. Аталған ӘРПК-і бойынша іс жүргізу судьялардың кәсіби біліктілігіне, өз қызметіне адалдығына байланысты. Президентіміздің Жарлығымен 21 жаңа әкімшілік сот құрылған. Судьялардың жалпы штат саны – 179 бірлік болып бекітілген. Басқа дамыған демократиялық елдерде әкімшілік соттар, мемлекет пен азаматтар арасындағы даулар бойынша шешуші рөл атқарады. Жаңа құрылып отырған әкімшілік соттарда жұмыс жасау, халықтың дауын әділ шешу – бұл еліміз-халқымыз алдында үлкен мәртебе!»,- Түркістан облыстық адвокаттар алқасының Төралқа төрағасы Қайрат Камбаров.
Айтуынша, сот ісін жүргізудің жаңа түрі, елімізде азаматтардың заңды мүдделерін қорғау үшін процессуалдық мүмкіндіктер көбірек көрсетілген. Аталған Әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасының ережелерін бұрмаламай, іс бойынша Әділ баға беріп шешу, тек қана сотқа жүктелген.
Анықтама:
2021 жылғы 1 шілдеден бастап:
1) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы, 2) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылады деп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев қол қойған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі