САУРАНДА АПТА САЙЫН БАСҚОСУ ӨТЕТІН БОЛДЫ
САУРАНДА АПТА САЙЫН БАСҚОСУ ӨТЕТІН БОЛДЫ
Жаңадан құрылған Сауран ауданындағы әкімдік бөлімдерінің штаттық бірліктері бекітіліп, ережелері Әділет басқармасында тіркеуден өтуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитовтың төрағалық етуімен өткен басқосуда баяндалды. Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков баяндағандай, жер көлемі 700 мың гектардан асатын жаңа ауданда 103 мың халық тұрады. Аудан әкімі алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен бөлісті.
Сауран ауданында болып, жаңа ауданда атқарылып жатқан жұмыстарымен танысқан облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалау мақсатында апта сайын Сауран ауданында басқосу өткізілетінін жеткізді.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары А. Сабитов жаңа ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс орындарын аралады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі