ШЫМКЕНТТЕ БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ ТУРАЛЫ ФИЛЬМНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ ТУРАЛЫ ФИЛЬМНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласында  Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің алдын ала жабық  көрсетілімі өтті.

Осының аясында қала әкімі Ерлан Айтаханов «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаевты қабылдады.

Кездесу барысында тараптар спортшы туралы түсірілген көркем фильм төңірегінде сөз қозғап, оның Шымкент қаласындағы көрсетілімін ұйымдастыру жайын талқылады.

Өз кезегінде әкім аталған туындының ұлттық тәрбиеде алар орны ерекше екенін айтып, алдағы уақытта фильмді кинотеатрға барып көретінін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін 1 қазан күні Түркістан көшесі 1, «Жастар ресурстық орталығында», сағат 16.00-де Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің алдын ала жабық  көрсетілімі өтеді. Кинотуындының режиссері – Мұрат Бидосов, ал, басты рөлді Самат Әзімқұлов сомдаған. Аталған кинотуынды кинотеатрлардан 3 қазаннан бастап көрсетілетін болады.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *