ҰҚК мұнай өнімдері контрабандасының жолын кесті
ҰҚК мұнай өнімдері контрабандасының жолын кестіФото: ҰҚК
2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметімен сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін заңсыз шетелге, оның ішінде теңіз арқылы шығару арнасының жолын кесті.
Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды.