Мүфтият Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады

 

мешітке баратын қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды, науқастар мен әйелдерге айт намазына қатыспауға кеңес берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Ораза айт намазы мешіт аулаларында оқылатынын хабарлады, деп жазды Sputnik.кз

«Қадірлі жамағат! Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатынын (жергілікті бас санитар дәрігерлердің қаулысымен рұқсат етілген) қуанышпен жеткіземіз», — делінген хабарламада.

ҚМДБ таң атысымен мешітке баратын мұсылман жамағатын санитарлық талаптарды сақтауға шақырды:

  • бетперде киіп келу;
  • үйден дәрет алып келу;
  • намаздан соң қол беріп амандаспау;
  • намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;
  • жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
  • науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.

«Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет», — деді діни басқармадағылар.

Рамазан айы 12 мамырда аяқталады. Қазақстан өңірлерінде Ораза айт намазы 13 мамыр таңғы жетіде оқылады.

https://sputnik.kz/society/20210511/17018511/Oraza-ayt-namazy.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *