Атырауда жанармай құю бекетіндегі жарылыс: автоцистерна жүргізушісі қайтыс болды

Атырауда жанармай құю бекетіндегі жарылыс: автоцистерна жүргізушісі қайтыс болды

Атырауда 5 маусымда жанармай құю бекетіндегі жарылыстан автоцистерна жүргізушісі қайтыс болды. Оның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды, — деп хабарлады «Ақ Жайық».

Басылымның мәліметінше, оның денесінің 90 пайызын күйік шалған.

Құрманғазы ауданының 34 жастағы тұрғыны қайтыс болды, артында төрт баласы қалды, әйелі бесіншісіне жүкті. Отбасы пәтер жалдап тұрған екен.

Еске салайық, 5 маусымда Атыраудағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстың видеосы жарияланған еді. Атабаев көшесінде орналасқан «ПромГаз» ЖШС аумағында «Форд» маркалы автоцистерна жарылған болатын. Төтенше жағдай салдарынан сол маңда 60-70 метр жерде орналасқан ғимарат бүлінген еді.

https://kaz.tengrinews.kz/events/atyirauda-janarmay-kuyu-beketndeg-jaryilyis-avtotsisterna-309292/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *