ҚАЛА ӘКІМІ МИТРОПОЛИТ АЛЕКСАНДРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚАЛА ӘКІМІ МИТРОПОЛИТ АЛЕКСАНДРМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, митрополит Александрмен кездесті.
Шаһар басшысы митрополитті Православ қауымының қасиетті Пасха мерекесімен құттықтады. Пасха мейрамының символдары саналатын махаббаттың мәңгілік құндылықтары, қайырымдылық пен мейірімділік еліміздің бүкіл тұрғыны үшін қымбат әрі қастерлі.
– Православ өкілдерін Пасхамен құттықтаймын. Жаңару мен жақсылыққа деген сенімді білдіретін бұл мереке қоғамның барлық саласында жүріп жатқан жаңғырумен үндеседі. Сіз қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту жолында аянбай еңбек етіп келесіз. Пасханың жарқын мерекесі сізге және отбасыңызға өркендеу, жақсылық пен бақыт әкелсін, барлық армандарыңыз бен ізгі тілектеріңіз орындалсын! Бүгінде біз қаладағы православиелік христиандардың діни бірлестіктерімен тығыз байланыс орнаттық. – деді қала әкімі.
Бүгінде қалада 6 шіркеу жұмыс істейді. Шымкент қаласының діни бірлестіктерінің клубы құрылып, онда дін саласындағы түрлі өзекті мәселелер талқылануда. Қайырымдылық және басқа да іс-шаралар бірлесіп өткізілуде.
Сондай-ақ, кездесуде бірқатар мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі