ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ АУМАҒЫНЫҢ ТАРИХИ КЕЛБЕТІ САҚТАЛА, КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ АУМАҒЫНЫҢ ТАРИХИ КЕЛБЕТІ САҚТАЛА, КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Тасов Теміржол вокзалы аумағындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Аталған тарихи нысан аумағында қазіргі таңда аяқжолдар төселіп жатыр. Одан өзге, жарықшам, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жасыл желектер егіліп, жан-жағындағы дүңгіршектер мен нысандардың сырт келбеті шығыс үлгісінде қапталады.
Одан өзге, Жандос Қалмырзаұлы пойыз қызметіне жүгінетін мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мақсатында өтпе көпір мен пандус жасауды тапсырды. Сонымен қатар, қалаға келетін қонақтар бірінші аяқ басар Теміржол вокзалы аумағында құрылыс жүргенімен, тарихи келбетін сақтап қалу ерекше назарда болатынын айтты.
Жалпы, вокзал аумағы ғана емес, нысан ішінде де бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Ескі дүниелерге реконструкциялау жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып жатыр. Айта кетейік, Түркістан теміржол вокзалы бір ғасырдан астам уақыт бұрын салынған. Қабырғалары арнайы күйдірілген кірпіштермен қаланған және Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген. ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ