ШЫМКЕНТТІ КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТТІ КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Әл-Фараби ауданында қаланы көріктендіру мақсатында 18525 түп раушан гүлі және 32750 түп жаздық гүл егілді. Сонымен бірге ағаш түптері әктеліп, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы басты көшелер мен аулаларға қоқыс тастаған заңды және жеке тұлғалар тарапынан «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидасы» талаптарын бұзған азаматтарға шара көру мақсатында, АІІБ қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейдтік іс-шара кезінде ҚР ӘҚБК-нің 505 бабы бойынша айыппұл және ескерту хаттамалары толтырылды.

Мәселен, Қошқар ата өзені бойында қоғамдық орында алкоголь ішімлігін ішіп отырған азамат анықталып ҚР ӘҚБтК нің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жазылды. Ал, Отырар шағын ауданының тұрғынына құрылыс қалдықтарын тастағаны үшін айыппұл салынды.

Қаланың көркі-тазалықта екенін ұмытпайық. Өз қаламызды таза ұстайық!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *