ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ — БАСЫМ МІНДЕТ
ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ — БАСЫМ МІНДЕТ
ҚР Президентінің барлық қызметтерді цифрландыру жөніндегі тапсырмасы Түркістан облысында қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Барлық ұйымдарда POS-терминалдар орнатылып, азаматтардың өздеріне қызмет көрсету мүмкіндігі кеңейген.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен өңірдегі екінші деңгейлі банк,«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Ұлттық Банктің Түркістан облысы бойынша филиалы, Түркістан облысы мемлекеттік кірістер департаменті және «Қазпошта» АҚ өкілдерінің қатысуымен өткен кеңес барысында осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар зерделенді.
Жиында сондай-ақ POS-терминалдарсыз жұмыс істеуге тура келетін жағдайлардың бірқатар себептері атап көрсетілді. Мәселен, банктердің өтінішті ресімдеу және терминалдарды жеткізу мерзімі 2 аптадан 2 айға дейін созылуы немесе 1-ден 3% — ға дейін жоғары комиссиялық тарифтер кәсіпкерлер үшін тиімсіз болған жағдайда, өйткені банк сенімділігіне қарай тұтынушылар түрлі санатта болуы мүмкін.
«Дегенмен төтенше жағдай кезінде цифрландыру жүйесінің жоғары деңгейде болғаны халықтың қауіпсіздігі үшін аса маңызды болып отыр. Сондықтан, бекітілген «Жол картасына» сәйкесмемлекетке ведомстволық бағынысты коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдар, балабақшалар, мектептер, қоғамдық орындар секілдімекемелер басым түрде цифрландырылатын болады. Халық үшін жайлылық жасау біздің басты міндетіміз»,-деді М. Мырзалиев.
Айта кетерлігі, Түркістан облысында 141 000 шағын орта бизнес субъектілері бар. Кәсіпкерлер саны жағынан оңтүстік өңірі ел көлемінде екінші орында тұр. Барлық кәсіпкерлік нысандардың POS-терминалдармен толық қамтамасыз етілуі талап етіліп отыр.
Кеңесте жауапты ұйым басшыларына осы бағытта жұмысты күшейту тапсырылды. Себебі, қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жүйесін енгізу тұтынушылармен өзара қарым-қатынасты жеңілдетуге ықпал етеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі