ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Шымкент қаласының әкімі бүгінгі жұмыс сапарында Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексерді.
№1, №2, №3, №4 тұрғын үйлер 9 қабаттан, 216 пәтерден тұрады. Пәтерлердің жалпы аумағы 14 074 шаршы метрді құрайды. Мердігер мекемелер — «Югстройсервис-Н» ЖШС және «Орион ЛТД» ЖШС.
1 бөлмелі пәтерлердің аумағы 45-49 шаршы метр (72 пәтер), 2 бөлмелілер 62-66 шаршы метр (72 пәтер), 3 бөлмелілер 77-82 шаршы метр (72 пәтер) аралығында. Тұрғын үйлердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасы арқылы кредиттік негізде үлестіріледі.
Әкім мердігер мекемелердің басшыларымен сөйлесіп, туындап жатқан мәселелерді ортаға салды. «Әрбір үйді салып жатқан кезде осы үйде өзім немесе туысым тұруы мүмкін деген оймен салыну керек. Алдағы аптада тағы да келіп мәселелердің шешілгенін көретін боламын. Бұған өзіңіз тікелей жауапты боласыз» деп құрылыс басқармасының басшысына жүктеген қала әкімі үйлердің санымен қатар сапасы да басты назарда болу керектігін алға тартты.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі