САҚТАНДЫРЫЛҒАН АЗАМАТТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ АППАРАТТАРДАН ТЕГІН ӨТЕДІ

САҚТАНДЫРЫЛҒАН АЗАМАТТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ АППАРАТТАРДАН ТЕГІН ӨТЕДІ


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры консультациялық-диагностикалық қызметтерді де қаржыландырады. Бүгінде Қорда КТ бойынша 140-қа жуық және МРТ бойынша 100-ге жуық өнім беруші қызмет көрсетеді. Атап өтерлігі, КТ қызметтерін көрсететін мекемелер Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, ал, МРТ бойынша Алматы, Шымкент, Нұр – Сұлтан қалаларында, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында бар. Алайда, ауруға шалдығушылардың санының артуына байланысты КТ-аппараттарының жетіспеушілігі байқалды. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша КТ және МРТ көрсетілген қызметтер саны өткен жылға қарағанда 5 есеге, ал қаржыландыру көлемі – 7 есеге (269 млн теңгеден 2 млрд теңгеге дейін) өсті. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Медициналық сақтандыру бойынша емделген адамдар үшін жаңа жүйенің артықшылығы көп. Өйткені, адамдардың табысы әртүрлі, табысы көп не болмаса аз болуы мүмкін. Дейтұрғанмен, МӘМС жүйесіне қатысушылар үшін бұл маңызды емес. Сапалы және толық көлемде медициналық қызмет, оның ішінде қарпайым УДЗ-дан бастап қымбат тұратын ядролық медициналық зерттеу әдістеріне дейін алады. Бұрын мұндай қызметтер халықтың кейбір әлеуметтік осал топтарына ғана қолжетімді болатын.
Бүгінде сақтандырылған тұрғындар емханада компьютерлік томография (КТ) мен магнитті резонансты томографиядан (МРТ) тегін өте алады. МӘМС аясында алғашқы медико-санитарлық көмек, балаларға мамандандырылған медициналық көмек, ересектерге арналған мамандандарылған медициналық көмек көрсетумен айналысатын медициналық ұйымдардың мүмкіндігі кеңейе түсті. Қосымша қаржыландырыру көлемі артып, науқас өзі тіркелген емханадан барлық медициналық қызмет түрлерін толықтай алуына жағдай жасалған. Емхананың өзінде болмаса да, олармен бірлесіп жұмыс істейтін мердігер медициналық мекемелерден өтуге болады. Ең бастысы, медициналық ұйым медициналық сақтандыру қорымен келісім-шарт жасаған мекемелердің тізімінде болуы тиіс. Түркістан облысында медициналық қызметтерді жеткізуші мекемелерде 13 КТ және 6 МРТ құрылғысы бар.
Сондай-ақ, компьютерлік томография, магниторезонансты томография, полимеразды тізбекті реакция және сандық рентгенография бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың тізімін жариялап отырмыз.
Қажет болған жағдайда COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша іс-шаралар шеңберінде дер кезінде диагностиканы өткізу үшін пациенттер аталған медициналық ұйымдарға емхана дәрігерінің жолдамасы бойынша жүгіне алады.
КТ құрылғылары бар медициналық ұйымдар:
— Областық клиникалық ауруханасы, Шымкент қаласы,Майлы-қожа 4, 8-7252-53-63-11. Уақытша істемей тұр.
— Облыстық балалар ауруханасы,Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а, 125/1 құрылысы, 87252-77-31-47
— Кентау қалалық орталық ауруханасы, Кентау қаласы, Д.А.Қонаев даңғылы,872536 3 55 98
— Түркістан қалалық орталық ауруханасы, Түркістан қаласы, С.Қожанов 50, 8 708 526 51 07
— Түркістан қалалық балалар ауруханасы, Түркістан қаласы, 160 квартал, 18 жер учаскесі,8 775 525 26 66
— Жетісай аудандық орталық ауруханасы, Жетісай қаласы, Жаңа ауыл ауылдық округі, Ыңтымақ ауылы, Көрікті көшесі, 24Б, 8778 656 78 55
— Сайрам аудандық орталық ауруханасы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Қыстаубаев көшесі, 11 А, 8 (72531) 2-44-34
— Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы,Сарыағаш қаласы, Исмаилов 115 А, 8 701 352 72 61
— «Абай» Келес аудандық ауруханасы, Сарыағаш ауданы, Абай ауылы, Б.Қырғызалиев, №45 үй,8 (72532) 3-01-02. Уақытша істемей тұр.
— Шардара аудандық орталық ауруханасы, Шардара қаласы, С.Аширов, №8, 8 702 375 70 60
— «ASK-диагностика» ЖШС, Мақтарал ауданы, Атакент ауылы, Ташкент көшесі, №17 үй, 8-702-277-47-70
— Қ.А.Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығы,Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, 8-72533-6-39-07
— «Күлпаршын» ЖШС, Жетісай ауданы, М.Әуезов көшесі, №21 , 8702 250 09 35, 8 702 755 11 17
МРТ құрылғылары бар медициналық ұйымдар:
-Облыстық балалар ауруханасы,Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а, 125/1 құрылысы, 87252-77-31-47
— Областық клиникалық ауруханасы, Шымкент қаласы,Майлы-қожа 4, 8-7252-53-63-11.
— «Centre Nova Diagnostic» ЖШС, Сарыағаш қаласы, А.Сүлейменов көшесі, 20В
— «Талғат клиникасы»Түркістан қаласы, С.Ерубаев көшесі, №197, 8 775 440 00 71, 8 702 820 70 59
— «ASK-диагностика» ЖШС, Мақтарал ауданы, Атакент ауылы, Ташкент көшесі, №17 үй, 8-702-277-47-70
— Қ.А.Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығы,Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, 8-72533-6-39-07
Жоғарыда көрсетілген ақпарат Қордың корпоративтік сайтында орналасқан https://fms.kz/ru/content/postavshchiki-kdu-uslug және қажеттілігіне қарай тұрақты негізде жаңартылады.
Қор компьютерлік томография қызметтері сақтандырылған пациенттерге МӘМС жүйесі аясында амбулаториялық деңгейде тегін көрсетілетінін нақтылады. Ол үшін тиісті симптомдар болған жағдайда тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну керек. Учаскелік дәрігер айғақтарды анықтаған кезде, КТ-ның тегін қызметіне жолдама береді. Бұл жағдайда ол МӘМС арқылы өтеді және Қор қаражатты төлейді.
МӘМС жүйесінде мәртебені Қордың www.fms.kz сайтына әрбір жеке адам ЖСН-ді енгізіп, өзінің мәртебесін анықтауына болады. Сонымен қатар, мәртебені анықтау үшін @SaqtandyryBot телеграмм-боттың қызметін қолдануға болады.
Жалпы, МӘМС жүйесіндегі мәртебеге және медициналық қызметтерге қатысты сұрақтарға жауапты Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы білуге тиісті жағдай жасалған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *