Түркістан облысында «Уылдырық» іс-шарасы кезінде 3 заңсыз балық аулау мен 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Түркістан облысында «Уылдырық» іс-шарасы кезінде 3 заңсыз балық аулау мен 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу мақсатында, Түркістан облысында 8 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара балық және балық өнімдерін заңсыз аулау, тасымалдау, сатып алу немесе өткізуге қатысты экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алуға бағытталған. Аталған іс-шара басталғалы облыс көлемінде заңсыз балық аулау бойынша 3 қылмыс тіркелген. Одан бөлек, балық аулау ережесін бұзу бойынша 111 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде заңмен тыйым салынған балық аулау құралдарын қолдану бойынша 18 дерек тіркелді.
Мәселен, Арыс ауданының полицейлері «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталысымен балық аулау қағидаларын бұзған 6 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның бірінде Арыс қаласынан 55 шақырым қашықтықта орналасқан Сырдария өзенінің маңында тыйым салынған қытайдың ау-торымен балық аулауға шыққан ер адамды анықтады.
Нақтырақ айтсақ, АПБ-не тұрғындардың бірінен өзенде белгісіз біреулердің балық аулап жүргендігі бойынша хабарлама түседі. Учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ғалымжан Бижанов пен полиция аға лейтенанты Бақытжан Абуов, көрсетілген орынға дереу жетеді. Содан өзенде үрмелі қайықпен жүрген екі тұрғынды анықтап, АПБ-не жеткізеді. Ұсталғандардың бірі балық аулап, демалу үшін келгенін мойындап, алайда қармағына ешқандай балық түспегенін көрсетті. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу» бойынша тіркеуге алынып, жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды,деп хабарлады ТО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ НҰРЛАН ТҰМАБАЕВ
Одан бөлек, 20 сәуір күні Сырдария бассейнінің табиғат қорғау инспекторлары мен Шардара аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің қызметкері полиция аға лейтенанты Құрманғазы Әбдикалыков браконьерліктің кезекті жайтын анықтады. Тексеру барысында 2 жергілікті тұрғын, үрмелі қайықты қолданып, аккумулятор арқылы электр тогын пайдаланып, балық аулап жатқан жерінен ұсталды
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша СДТБТ-де тіркелді. Заттай дәлел ретінде күдіктілерден балық аулау құралдары, қайық және шамамен 30 келіге жуық ауланған балық тәркіленді. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды. Түркістан облысында «Уылдырық» іс-шарасы ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Тәртіп сақшылары тұрғындарға балық ресурстары мен жануарларды заңсыз аулау, жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді жұлу заңмен қудаланатынын ескертеді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі