Түркістан облысының полицейлері 4 бірдей ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтады
Түркістан облысының полицейлері 4 бірдей ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтады
Мақтаарал АПБ КПБ және ЖПҚ УПИ қызметкерлері осыған байланысты хабар алысымен, оқиға орына жедел жетіп, қажетті шаралардың барлығын жүргізді. Дүкеннің маңын жіті бақылап, айналаны толық шолып шықты. Тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысында анықталғандай, күдіктінің бұдан басқа үш ұрлық жайтына қатыстылығы анықталды. Олардың екеуі азық-түлік дүкеніне, енді бірі айна шығаратын зауытқа ұрлыққа түскен. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 500 000 теңге.
Полиция қызметкерлері өз кезегінде тұрғындарға сақ болуды, өз заттарына қырағы болып, мүліктерін сақтау үшін шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Тәртіп сақшылары мүмкіндігінше, дүкендер мен пәтерлерге бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Сондай-ақ, терезелерге темір торлар мен кіретін есіктерге сенімді құлыптар қою керек. Егер, сіз, бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі