Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби 1150 ЖЫЛ

Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби 1150 ЖЫЛ

2020 жылы «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фараби

 

Картинки по запросу ӘЛ ФАРАБИ СУРЕТІ

Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб /қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала/  қаласында дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні –

Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.

Похожее изображение

«Ол әулетті отбасыда өмірге келді. Оның әкесі әскери қолбасшы болған. Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен мәдениеттің ордасы еді. Мұнда Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасты. Осының арқасында Әл-Фараби ондағы құнды қолжазбалар және кітаптармен танысуға мүмкіндік алды. Ғалымның жастық шағы осы шаһарда өтті», — дейді «Әл-Фараби» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Жақыпбек Алтайұлы «Әл-Фараби музейі» атты деректі фильмінде.

Ғұлама ғалым түркі тайпасынан шыққан. Бұған дәлел оның толық аты-жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Оның түркі тайпасынан шығуын филология ғылымдарының докторы, шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі растайды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *