ВАКЦИНАЛАУҒА 753 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН
ВАКЦИНАЛАУҒА 753 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН
ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен онлайн режимде өткен Үкімет отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бойынша баяндама жасады.
Шаһар басшысы қаладағы індетпен күрес нәтижелері, қолға алынған іс-шаралар, вакциналау және алдағы жоспарлардан хабардар етті.
Үкімет отырысының күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған болжамын және 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау, ауылдық жерлерде тұрмыс деңгейін жоғарылату мәселелері талқыланды.
Мұрат Дүйсенбекұлы ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілгенін атап өтті.
– Бүгінде қала А сценариймен жұмыс жасап жатыр. Жалпы қала В және С сценарийге 100 пайыз толық дайындалды. А – ағымдағы жағдай 1 290 төсек-орынды қамтиды. В – маусымдық эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын саны 4 016-ға дейін артады. С – эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 5 416 төсек-орын ашылады. Қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда 1 күнде 6 200 тест жасауға мүмкіндік бар. Барлығы 349 518 ПТР тест өткізілді. 19 сәуірде 1 312 ПТР тест жасалған.
Азаматтарды вакцинациялау үшін 38 бекет ұйымдастырылып, бүгінде 1-ші компонент 67 906, 2-ші компонент 6 918 азаматқа салынды. Вакцинациялауға 753 медицина қызметкері оқытылып, жұмылдырылды, –деді қала әкімі.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының «қызыл аймаққа» кіруіне байланысты 19 сәуірде жергілікті бас санитариялық дәрігерінің Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген алгоритмге сәйкестендірілген шектеу шаралар туралы қаулысы шықты. Екі апта осы шектеу шараларының тиімділігін бақылап, эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда қатаң шектеу шаралары енгізіледі.
Жиында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ауылдық жерлерде тұрмыс деңгейін жоғарылату мәселелері бойынша баяндама жасап, өңірлердегі газдандыру жұмыстарының барысын баяндады. Оған сәйкес, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысы, Алматы және Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 90 пайыздан асқан. Нақтырақ айтқанда, үшінші мегаполисте газдандыру деңгейі 92,1 пайызға жетіп отыр.
ФОТО: Береке СЕЙІТЖАППАР
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі