«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 2 820 АЗАМАТ СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛДЫ

«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 2 820 АЗАМАТ СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛДЫ

slider
Шымкент қаласының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев  2020 жылы пандемия жағдайында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. 
 
Өткен жылы бизнесті қолдауда «Бастау бизнес» жобасы бойынша  2 820 азамат оқып, тиісті сертификатын алды. Жоспар 100 % орындалған. 942 үміткер «Еңбек» бағдарламасы арқылы (555 600 тг), 12 үміткер «Бинестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы грантқа (5 млн теңге) қол жеткізген. 8 үміткерге несие (101 млн теңге) берілген. Жоспар 112 %-ға орындалды. 
 
Шымкент қаласының «Бизнеске арналған Үкімет» фронт-офис алаңында 12 онлайн семинар-тренинг өткізілді. 2021 жылы 2500 азаматты оқыту жоспарлануда.
Палата директорының айтуынша, пандемияның кәсіпкерлерге тигізген әсерін анықтау мақсатында 2 рет сауалнама жүргізілген. Маусым-шілде айларында 3915 бизнес субъектілеріне, желтоқсан айында 2460 субъектіге сауалнама өткізілді. 11 желтоқсандағы жағдайы бойынша субьектілерде 46,3 мың адам жұмыс істеуде. 
 
Сонымен қатар, кәсіпкерлер палатасы әкімдікпен бірлесіп бизнестің жұмыс жасауына ыңғайлы етіп shym-karantin.kz сайтын әзірледі. Төтенше жағдай аяқталған соң республика бойынша жүйелендірілген «Info Kazakhstan» платформасы жұмысын бастады. 
Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы 2020 жылы пандемия жағдайында бизнесті қолдауда барлық қажетті іс-шараларды жүргізді.
 
Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *