Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылады

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылады

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылады

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың қалауы бойынша балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылады. Сәйкесінше, бұл топтардағы балалардың саны он бестен аспауы тиіс», — деді министр Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек ол қосымша білім беру ұйымдарында оқыту шараларына тоқталды. Балалар ата-аналардың өтініші негізінде қашықтан немесе жеке тәртіппен оқуға, сонымен қатар бес баладан аспайтын шағын топтардағы үйірмелерге қатысатын болады.

«Арнайы білім беру ұйымдарының жұмысы біз үшін ерекше маңызға ие. Осы ерекше бүлдіршіндер қазіргі жағдайда үлкен назарды қажет етеді. Сондықтан ата-аналарының таңдауы бойынша арнайы онлайн кеңес беру немесе мамандардың жеке қабылдаулары ұйымдастырылады. Денсаулығында күрделі проблемалары бар балаларды қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі», — деді А. Аймағамбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылатынын айтты.

https://www.inform.kz/kz/mektepke-deyingi-uyymdarda-balalardy-kezekshi-toptarga-kabyldau-uyymdastyrylady_a3679511

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *